Шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу жоспарланған
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Azattyq Ruhy BORT №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысын Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Екі күндік сапар аясында Өзбекстан Президентімен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, бірқатар келісімге қол қою жоспарланған.