Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы бүгін бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ Президент «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» заңды бекітті.
«Мемлекет басшысы Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.