Алматыда қарақшылар қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Олардан тәркіленген қаруға баллистикалық сараптама жасалады

фото: Алматы қ. ПД

Алматыда қарақшылықпен айналысқан 3 жігіт қолға түсті. Олардың көлігін тінту кезінде шолақ мылтық табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Медеу ауданы полициясының мәліметінше, үш ер адам өтіп бара жатқан адамға шабуыл жасап, ұялы телефоны мен басқа да заттарын тартып алған.

«Жедел шаралар кешені, соның ішінде қаланың бейнебақылау жүйелеріне мониторинг жасау кезекші тәулік ішінде қаскөйлердің жүріп өткен көлік маркасын, сондай-ақ олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл - 1992, 2003 және 2004 жылы туған жергілікті тұрғындар. Күдіктілердің көлігі Тәттімбет көшесінде бөгелді. Шабуылшыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізілді. Көліктің ішін тінту кезінде шолақ мылтық табылды. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Оның шығу тегі, қандай қылмысқа қатысы бар екені осы зерттеу нәтижесінде белгілі болады», - деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Спикердің айтуынша, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеудің осы кезеңінде олардың кем дегенде үш тонауға қатысы бар екендігі анықталды.