Қазақстанда бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл шара ішкі нарықта мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу үшін енгізіледі

фото: www.gov.kz

Қазақстанда автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды ұзарту жоспарлануда. Бұл туралы Azattyq Ruhy Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жанар-жағармайдың ішкі нарығында мұнай өнімдерінің жетіспеушілігінің туындауына жол бермеу үшін автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) әкетуге тыйым салуды енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика, Ішкі істер министрлерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірлескен бұйрығын (Бірлескен бұйрық) ұзарту жоспарлануда», - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Тыйым салу (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) жағармайларды әкетуге және дайындаушы зауытта көзделген автокөліктің бензин бактарында мұнай өнімдерін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкету жағдайында қолданылмайды.

«Тыйым салу ұлттық экономиканы дамытудың тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз ету және ҚР ішкі нарығында мұнай өнімдері тапшылығының пайда болуына жол бермеу мақсатында енгізіледі», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Бірлескен бұйрықтағы өзгерістер мұнай өнімдерін шекара арқылы әкетуге жол бермеуге ықпал ететін болады.