Еліміздің басым аумағында жел күшейеді
Синоптиктер 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде көбінесе қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Тек республиканың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Еліміздің басым аумағында жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста тұман түседі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күші 9-14, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз -4-6 градус болады, одан әрі төмендейді.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз +3+5 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 6-11 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +8+10 градус болады.