Ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді
Қарағандыда арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.
«19 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті, 17 адам ұсталды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар күдіктілерді ұстау кезінде олардың бірі оқиға орнынан қашып бара жатқанда қызметтік көлікті соғып кеткен.
«Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді. Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді», - деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі.