Таразда есірткі сатқан 18 жастағы бозбала ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

фото: www.nur.kz

Жамбыл облысының полицейлері «Мефедрон» есірткісін сатумен айналысқан 18 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жамбылдық полицейлер есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған іс-шара барысында Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

Тінту жүргізу кезінде күдіктіден 12 бумаға оралып, тарату үшін дайындалған «Мефедрон» синтетикалық есірткі заты анықталды. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 7 грамнан асады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Тегтер: