Биылғы тоғыз айда ел тұрғындары 3,8 млрд рет төлем транзакциясын жасаған
Қазақстанда бір жылда онлайн төлем транзакцияларының саны 33,7%-ға өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ranking.kz зерттеуінше, мәселен, биылғы тоғыз айда қазақстандықтар интернет пен ұялы телефон арқылы 3,8 млрд төлем транзакциясын жасаған.
Сондай-ақ қаңтар-қыркүйек айларында ақша көлемі 44%-ға өсіп, 59,2 трлн теңгені құрап, 2021 жылдың жалпы көлеміне дерлік көрсеткішке жетті.
«Интернеттегі төлемдердің мұндай өсімі электронды сауданың жоғары қарқынына байланысты болып отыр. Осылайша, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алған интернет пайдаланушылардың үлесі 2020 жылғы 17,7%-дан 2021 жылы 19,3%-ға дейін өсті», - дейді сарапшылар.
Сатып алулар ішінде киім-кешек, аяқ киім және спорт тауарлары танымалдылығы бойынша бірінші орында тұр, бұл пайдаланушылардың 63,6%-ын құрайды. Сонымен қатар, пайдаланушылардың 48,4%-ы азық-түлікті онлайн сатып алады.