Республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, тұман түседі
Синоптиктер 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында Моңғол антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Алматы, Маңғыстау облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман түседі.
Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 9-14 м/с жетеді. Күндіз -5-7, түнде -14-16 градус болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел секундына 0-5 метрге жетеді. Күндіз 0+2, түнде -7-9 градус болады.
Шымкентте де жауын-шашын күтілмейді, жел секундына 2-7 метрге жетеді. Күндіз +6+8, түнде -2-4 градус болады.