$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу жүріп жатыр

Таксидің тарифіне қатысты шағымданушылардың саны артқан

Қазақстанда «Яндекс.Таксиге» қатысты тергеу жүріп жатыр
фото: kapital.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Яндекс.Такси»-ге қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Таксидің тарифіне қатысты шағымданушылар көп. Жауын-шашынды күндері баға тіпті көтерілетін көрінеді. Бұл туралы Azattyq Ruhy astanatv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Такси қызметі арқылы табыс тауып жүрген жүргізушілердің әрбір тапсырмасынан 17-20 процент комиссия ұсталады.

«Такси нарығын цифрландыру кез келген жағдайда нарықты монополиялауға алып келді. Қызметке сұраныс неғұрлым жоғары болса, оның бағасы соғұрлым артады. Тарифтердің өсуі осыған да байланысты. Дегенмен, бұл нарықта бәсекелестік бар. Қайсы ыңғайлы клиент өзі шешеді»,- дейді ҚР БҚДА басшысының орынбасары Рустам Ахметов.

Такси қызметіне жүргізушілердің өзінің көңілі толмайды. Мобильді қосымшаның кемшілігі көп, халық жиі шағымданады дейді.

«Мың теңгеге барсаң, мың теңгеден 21 процент яндексті алып қалады, мысалы 17 процент яндекс болса, 4 процент қазақстанның таксопаркы алады. Ол өте дұрыс емес, кішкене комиссия арзандау болу керек негізі.

«Көп қой ол, жаңа жылдан кейін 26 қыламыз дейді. Сонша процент ұстай тұра клиенттердің тқрған жерін дұрыс көрсетпейді, көп шағым түседі. Отандық неге таксопарк ашпасқа?»

Серіктес жаңалықтары