Алматыдан 755 км қашықтықта жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында орналасқан

Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 желтоқсан күні сағат 09:26-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 755 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

«Энергетикалық класы – 10.04. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 5 км. Сезілуі жайлы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.