Коронавирус жұқтырғандардың дені амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 203 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 175 адам коронавирус инфекциясынан (–2 068+ және 328 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 847 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.