Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында 16 желтоқсан оқиғасына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Төл тарихымызда өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасына бүгін 36 жыл толды. Сол ызғарлы күндерде халқымыз қайсар рухы мен азаттыққа деген ұмтылысын паш еткен еді. Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен құрбан болған боздақтардың бейнесі жұртымыздың жадында мәңгі сақталады», - делінген жазбада.