Синоптиктердің болжамынша бірнеше өңірде жел күшейеді
Қазгидромет ауа райына байланысты Қазақстанның төрт өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20, 23 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20, 23 м/с.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да күшті болады.