ТЖ департаменті қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау керектігін еске салады
БҚО-да ауа райының нашарлауына байланысты екі республикалық жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 16 желтоқсан күні сағат 14.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында (266-480 км, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Қаратөбенің Қоскөліне дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар Орал-Атырау жолы да (492-227 км, Оралдан Тайпақ ауылына дейін) жабық.
Жабылу себебі - жаңбыр, көктайғақ.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізіп, қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау керектігін еске салады.