Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсыну шарттары

Автор: Azattyq Rýhy

«Nur Media» ЖШС-нің https://www.azattyq-ruhy.kz/ сайтында 2023 жылдың 14 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы бойынша сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынуының жалпы шарттары. 

«Azattyq Ruhy» ақпарат агенттігінің (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі «Nur Media» ЖШС «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2023 жылғы 14 қаңтардағы сайлауға қатысу үшін сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыруға Сайттағы интернет-алаңды ұсынудың төлемақы мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды. 

Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, Сайтта үгіт материалдары 2022 жылғы 24 желтоқсан сағат 18.00-ден бастап 2023 жылғы 13 қаңтар күні сағат 00.00-ге дейін жарияланады.

Сайт интернет-алаңды жазбаша өтініш және Сайттың меншік иесі мен кандидат не кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалған Шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен жарияланатын кезеңі кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олар кейіннен Шартта бекітіледі.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі. 

  • Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
  • Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
  • шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар. 

Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен, не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт айқындайды. 

Үгіт материалдары Сайтқа жарияланатын күнінен 1 (бір) жұмыс күн бұрын  берілуі керек. Үгіт материалдары ақпарат ұсынып отырған тұлғаның тегі мен қаржыландыру көзі туралы визуалды ақпаратты қамтуы тиіс. 

Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың ережелері бұзылған жағдайда, үгіт материалдарының эфирге шығарылуы жүргізілмейді немесе бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер үгіт материалдары конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеяларын қамтитын болса, сондай-ақ оларда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру құны:

Жасасқан шарт бойынша Сайтта үгіт материалдарын орналастыру ақысы Сайттың меншік иесі жасаған төлем шоты негізінде шот шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуі керек.

Сайттың меншік иесі Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру туралы жазбаша өтініштерді тіркелген кандидаттардан демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2022 жылдың «21» желтоқсанынан бастап 2023 жылғы 13 желтоқсанға дейін Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көшесі, 12/1 ғимаратындағы (бесінші қабат) 512 кабинетте қабылдайды. Өтініш жұмыс күндері, күн сайын сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Факсимильдік және интернет байланысы арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Материалдардың барлығы «Материалды орналастыру ақысы ..... төленген» деген белгіні қамтиды.

«Nur Media» ЖШС-нің бас директоры Б. Мәкен​​​