Қазақстан мен Қытай арасындағы бақылау-өткізу бекеттері уақытша жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Шекарадан өту Тәуелсіздік мерекесіне байланысты 2 күнге шектелмек

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан мен Қытай арасындағы бақылау-өткізу бекеттері уақытша жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитеттің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

«Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп хабарлады ведомстводан.