Қызылорда облысында бензовоз жеңіл көлікке соқтығысып, 4 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында Қызылорда –Тереңөзек тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14.12.2022 жылы Қызылорда облысының Теренөзек-Қызылорда тас жолының 60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Сонын салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.