Үкім заңды күшіне енген жоқ
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданындағы орталық аурухана директоры алаяқтық әрекеті үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ол дәрігерлердің коронавируспен күрес шараларына атсалысып жатқан медицина қызметкерлерінің үстемеақысын алаяқтық жолмен тартып алып отырған деген күдікке ілінді. Ол жалпы сомасы 2 223 185 теңге ақшалай қаражатты иемденген.
Мекеме басшысы Д. Нұрмағанованың ісі Бұқар Жырау аудандық сотында қаралды. Онымен бірге шаруашылық мейірбикесі Е. Бикенова да жауапқа тартылды.
Бикенова Нұрмағановаға ковидтік үстемеақыдан өзіне ақша аударту үшін 375 000 теңге көлемінде пара берді деп айыпталды.
Сот үкімімен Д. Нұрмағанова өмір бойы мемлекеттік қызметтен аластататылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ал Бикеноваға 3 750 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.