Украиналық инженерлер мен техниктердің жұмысы Чехия, Украина және НАТО-ның қорғаныс қабілетін күшейтеді
Чехия қорғаныс өнеркәсібіне бірнеше мыңға жуық украиналық маманды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Чехия радиосына сілтеме жасап.
Чехияның Қорғаныс министрінің орынбасары Томаш Копечныдың айтуынша, Украинада ондаған жылдар бойы Чехия елінде жоқ мамандар дайындалды. Сондықтан украиналық инженерлер мен техниктердің жұмысы Чехия, Украина және НАТО-ның қорғаныс қабілетін күшейтеді.
Ол украиналық мамандар ауыр әскери техниканы жөндеу және жаңғырту бойынша жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар 2023 жылы Чехияда кейбір негізгі жүйелер мен компоненттердің өндірісі басталуы керек.
Бұған дейін Чехия украиндықтар үшін уақытша қорғау визаларын тағы бір жылға ұзарта алады деп хабарланған болатын.