Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 13 желтоқсанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбі күні доллар бағамы2,5 теңгеге арзандап, 469,93 теңге болды.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта 472,14 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 7,65 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 470 теңгеден сатып алынып, 474 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 469 теңгеден сатып алынып, 472 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 469,93 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 496,15 (еуро)
RUB / KZT – 7,49 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 25,21 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 67,39 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,53 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,18 (өзбек сомы).