Қызметкерлер жануарлардың өлексесін жағаға шығарды
Батыс Қазақстан облысындағы Сарыөзен бетінде мұз үстінде қатып қалған 21 киік табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызметкерлер жануарлардың өлексесін жағаға шығарды. Мамандардың болжамы бойынша, жануарлар су ішуге келген. Сол сәтте Жұқа мұз жарылып, киіктер өзенге түсіп кеткен болуы мүмкін. Биылғы қара суық жан-жануарларға оңай тимей тұр. Қарашаның аяғында аяз күшейгелі бері өзен-көлдер тегіс қатып, Еділ-Жайық арасындағы миллиондаған киік тіршілік нәрінен тарығып жүр дейді мамандар.
«Киіктің барлық төшкелері мұздан шығарылып, оқиға болған жерде акт толтырылып, мал моласында өртелді. Қар болмауына байланысты жалпы киік емес, барлық жануарларға қиын жағдайлардың бірі. Осы себепті Бөкей Орда резерваты қызметкерлері биотехникалық іс шараларды жүргізіп жатыр», - дейді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев.