Аудандық әкімдік қазандыққа кепілдік мерзімі бойынша қызмет көрсетуші мердігермен соттасуға дайын
Қостанай облысындағы Боровской ауылына әлі күнге дейін жылу мардымсыз беріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Пәтеріміз салқын, жылу 12 градустан көтерілмейді, дейді тұрғындар. Бұның бірнеше себебі бар. Орталық қазандық тоқсан процентке ескіріп, жөндеуді қажет етеді.
Өткен аптада қос бірдей жылумен қамту жабдығының істен шыққаны хабарланған болатын. Аудандық әкімдік қазандыққа кепілдік мерзімі бойынша қызмет көрсетуші мердігермен соттасуға дайын. Бұдан бөлек ауыл қызуы төмен арзан көмірмен жылытылады.
Сапасы жоғары қатты отынға көшу мәселесі келер жылы қарастырылуы мүмкін, дейді жергілікті билік. Жалпы ақауы бар орталық қазандыққа он екі көпқабатты үй мен сегіз әлеуметтік нысан қосылған.