Бүгін бірқатар ведомство басшысы Президентке есеп берді
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт біраз шенеуніктің баяндамасын тыңдап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Премьер-министр, Ұлттық банк төрағасы, премьер-министрдің орынбасарымен қатар, бірнеше өңір басшысы есеп беріп жатыр.
Соның ішінде, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың баяндамасын тыңдап біткен соң Тоқаев Ноғаевпен «жеке кездесетінінә айтты.
«Біз бүгін жеке кездесеміз. Облыстың ахуалын нақты талқылаймыз. Облыста біраз мәселе бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Содан кейін Мемлекет башысы бүкіл әкімдерге қарата өз кеңесін айтты.
«Барлық әкімдерге айтарым: алдағы уақытта проблемаға талдау жасап үйреніңіздер. Артынша Екібастұздағы сияқты салдарын тартпау үшін, тетіктерін ескере отырып, проблеман шешіп үйрену керек», - деді Қ. Тоқаев.