Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті – Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты

Фото: Bort №1

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жұрттың табысына, әл-ауқатына әсер етіп отырған мәселе туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес.

11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.