АҚШ 80 мыңнан астам украиндық босқынды қабылдады

Автор: Аягөз Құрмаш

Украинаның 4,5 миллионнан астам азаматы соғысқа байланысты шетелден баспана іздеуге мәжбүр болды

Фото: ашық дереккөзден

Украинаның 82 мыңнан астам азаматы отбасыларымен бірге Америка құрама штаттарына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

АҚШ үкіметі бастаған «Украинаға арналған баспана» бағдарламасы украиндықтарға гуманитарлық рұқсат бойынша екі жыл мерзімге елге кіру және болу құқығын береді.

Бағдарламаға қатысу үшін украиндықты АҚШ-та болған уақытына қаржы беретін демеуші қолдауы керек.

U4U бағдарламасына қатысу үшін украиналық босқындарды қолдауға шешім қабылдаған 177 мыңнан астам америкалық осы қызметке өтініш бергені белгілі.

Сонымен қатар, АҚШ-та украиндар мен Украина аумағында соғыс басталған кезде елде болған бірқатар елдің азаматтары үшін «уақытша қорғау» бағдарламасы бар.

30 қарашадағы жағдай бойынша БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының мәліметі бойынша, Еуропа елдерінде әртүрлі қорғаныс схемалары бойынша 4,5 миллионға жуық украин тіркелген.