Қазір 1 849 адам коронавирус инфекциясынан емделуде
Қазақстанда бір тәулікте 180 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
11 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 849 адам коронавирус инфекциясынан (–1 635+ және 214 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 586 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.