Алматы облысында кезекті рет қару сақталған жер табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тергеу шаралары жүргізілуде

polisia.kz

Алматы облысында кезекті рет қару сақталған жер табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

9 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Талғар ауданының аумағында қару  сақталған орын табылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Тексеру барысында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 5.6 калибрлі қолдан жасалған мылтық, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, Калашников автоматы мен жауынгерлік және жарық-шу гранатасы тәркіленді.

Тергеу шаралары жүргізілуде.