Рудный қаласында құбыр жарылып, жолды су басып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Апат болған жерге арнайы мамандар барып, жөндеу жұмыстарын жүргізді

Бейнеден кадр

Бүгін таңертең Рудный қаласында құбыр жарылып, жолды су басып қалды. Бұл туралы Қостанай облыстық энергетика басқармасы ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Рудный қаласында шамамен сағат 10-дар шамасында Дзержинск және Горький көшелері қиылысындағы су құбыры жарылып, тұрғын үйдер сусыз қалған. Апат болған жерге арнайы мамандар барып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрған үйлерге су беріле бастады», - делінген Қостанай облыстық энергетика басқармасының хабарламасында.