Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан қалаларының басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады

Фото ашық дереккөзден

Бүгін  Қазақстан қалаларының басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенбі күні Астана, Ақтөбе, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қостанай және Қарағанды (1 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі), Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.