Атырау облысының Құлсары қаласында көше бойында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ОБлыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Құлсары қаласының Қ. Сатанғұлов көшесі бойында Toyota Runner автокөлігі жалынға оранған.
«Зардап шеккендер жоқ. Автокөліктегі өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 2-МӨСБ 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды», - деп көрсетті Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.