Табылған қару-жараққа тиісті сараптамалар жасалады
Алматы облысында жергілікті полицейлер ІІМ қызметкерлерімен бірге Шамалған кентінің маңында кезекті қару сақталған орынды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары екі қапты тәркіледі, оның ішінде 12 калибрлі үш тегіс ұңғылы мылтық, 410 калибрлі "Сайга" маркалы бір аңшылық мылтық, сондай-ақ "Вепрь" маркалы иір ойықты мылтық және 308 бен 7.62 мм калибрлі екі патроны бар екі ақсауыт болды.
Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.