Жапония, Ұлыбритания және Италия жаңа зымыран жасап жатыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар Tempest деп аталатын Британдық Future Combat air system жобасын жапондық FX бағдарламасымен біріктіргісі келеді

Жапония, Ұлыбритания және Италия жаңа буын реактивті зымыранын жасау үшін күш біріктіріп жатыр. Бұл Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өнеркәсіптік қорғаныс саласындағы алғашқы ірі ынтымақтастығы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Reuters-ке сілтеме жасап.

Серіктестер Tempest деп аталатын Британдық Future Combat air system жобасын жапондық FX бағдарламасымен біріктіру арқылы 2035 жылға қарай алдыңғы қатарлы зымыранды пайдалануға бергісі келеді.
Жапонияның қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, британдық BAE Systems PLC, жапондық Mitsubishi Heavy Industries және итальяндық Leonardo жасанды интеллект пен киберсоғыс саласында озық цифрлық мүмкіндіктерге ие ұшақты әзірлеуге жетекшілік етеді. Басқа елдер де жобаға қосыла алады.

Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсанда АҚШ-та ядролық қаруды тасымалдай алатын жаңа стратегиялық B-21 Raider жасырын зымыраны таныстырылды. Пентагонның бастығы Ллойд Остин бірде-бір алыс қашықтықтағы зымыран оның мүмкіндіктеріне жете алмайтынын айтқан еді.