Семейде із-түзсіз жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды

фото: әлеуметтік желіден

Семейде із-түзсіз жоғалған қыздың денесі табылды. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy.

35 жастағы Адэль Хамзина 4 желтоқсан күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның әпкесі сол күні полицияға хабарласып, 1987 жылы туған сіңлісін іздеуге көмектесуін өтінген.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Адэль Хамзинаның денесі Семей шетіндегі Степной ауылының маңынан табылды.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 001 бабы («Мәйітті табу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды.

Тегтер: