Ол қақтығысқа қатысқандардың ішіндегі өлім жазасына кесілген алғашқы адам
Иранда үкіметке қарсы шерулерге қатысқандардың бірі Мохсен Шекари өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy euronews-ке сілтеме жасап.
Шекариге қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасады және Тегеранда көлік қозғалысына кедергі келтірді деген айып тағылған. Оның бұл әрекеті «мохаребех», яғни «Құдайға қарсы соғыс» деп танылған.
Өлім жазасына кесу туралы үкім 1 қарашада шығарылған, ислам республикасының жоғарғы соты Мохсен Шекаридің апелляциялық шағымын қабылдамады.
Amnesty International мәліметтері бойынша, ұсталған 28 демонстрант өлім жазасына кесілуі мүмкін.