Желіде ертең елордада сабақ болмайтыны туралы жалған хабарлама тарады

Автор: Azattyq Rýhy

Білім басқармасы жалған ақпаратқа сенбеуді сұрайды

Фото: ашық дереккөз

Желіде 9 желтоқсан күні елордада бірінші ауысымдағы 0-12 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқытылатыны туралы хабарлама тарауда. Қалалық білім басқармасы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны ескертті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бұл жалған ақпарат. Сабақтың қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын таңғы сағат 6-да хабарлаймыз. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз», - деді Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тегтер: