Байқауға 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады
«Рухтастар» жастар сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты әлеуметтік желілерде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 номинация бойынша жеңімпаздарды ақшалай сыйақы күтуде.
«Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев сыйлықтың негізгі мақсаты туралы айтып берді:
«Рухтастар» сыйлығы биылғы Жастар қанатының қорытынды іс-шараларының бірі болып табылады. Сыйлықтың негізгі мақсаты -қоғамның игілігі мен елдің дамуына қосқан үлесі үшін жемісті қызметі үшін жастар арасынан үздік белсенділер мен еріктілердің қызметін ынталандыру және анықтау болып табылады. Біздің қатарымызда республика бойынша 105 мыңнан астам мүше бар және ел игілігі үшін өз әрекеттері арқылы патротизмін көрсетіп жүрген жастар қаншама. Сондықтан біз үшін олардың белсенді әлеуметтік қызметін атап өту өте маңызды», - дейді ол.
Байқауға 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер 2022 жылғы 8-16 желтоқсан аралығында электрондық поштаға қабылданады office.jastarruhy@gmail.com келесі номинациялар бойынша қабылданады:
Өтінім беру критерийлерімен «Жастар Рухы» Telegram арнасынан https://t.me/JasOtanTelegramm/3926?single танысуға болады.