Тағы да жылу мәселесі: Ақтауда жылу желісінде апат болды

Автор: Azattyq Rýhy

Желіде 7-шағын аудандағы жылу желісінің бұзылған жерінен бейнежазбалар жарияланды

Ақтау қаласында балабақшалар, мектептер және бірнеше шағын аудан жылусыз қалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Lаda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала тұрғындары жылусыз қалғандары туралы әлеуметтік желілерде жазып жатыр. Алайда «Каспий жылу, су арнасы» МКК жылу желісінің жарылуына байланысты 7-шағын ауданның бірнеше үйінде ғана жылу өшірілгенін хабарлады.

Алайда тұрғындардың жазған шағымында 7, 7А, 9, 14 және 15 шағын аудандардағы балабақшалар, мектептер, дүкендер мен біраз тұрғын үй жылусыз қалғаны айтылған.

Желіде 7-шағын аудандағы жылу желісінің бұзылған жерінен бейнежазбалар жарияланды.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК 7-шағын аудандағы №21 үйдің жанындағы жылу желісінде апаттың болғанын растады.

«Жылыту тек 7-шағын аудандағы 21, 22, 23, 24, 1, 2, 17 үйде және қуыршақ театрында уақытша өшірілді. Бригада қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр, ақау жойылады. Кешке дейін қала тұрғындарының пәтерлерінде жылу қалпына келтіріледі» ,- деп хабарлады коммуналдық кәсіпорынның баспасөз қызметі.