Алтай Көлгінов Астана қаласының әкімі қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұл қызметті 2019 жылдың маусым айынан бері атқарып келді.

Астана қаласының әкімі болған Алтай Көлгінов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Астана қаласының әкімі болған Алтай Көлгінов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алтай Сейдірұлы 1978 жылы дүниеге келген. Ол А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

  • 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен;
  • 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады;
  • 2008-2010 жылдары - «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары;
  • 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
  • 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
  • 2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі қызметінде болды;
  • 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі;
  • 2019 жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі қызметін атқарып келді.