Ол бүгінге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болған
Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Асламбек Мерғалиев 1972 жылдың 2 сәуірінде Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылында туған.
1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстанбұл мемлекеттік университетін бітірген.
Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді.
Мінсіз қызметі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының, «ҚР Судьялар одағы» төрағасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
2008 жылы ҚР Судьялар Одағының орталық кеңесінің мүшесі болып сайланған.