Құбыр ауыстыру жұмысы 7 желтоқсан күні жүргізілген
Павлодарда Исеналиев көшесі, 1 мекенжайы бойынша жол бойында су ағып жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, 7 желтоқсан күні «Толағай» ЖШС мердігер ұйымы Исеналиев көшесі бойында жаңа құбырды қайта қосу жұмысын жүргізген.
Жұмыстың сапасыз орындалуы салдарынан құбыр жарылып, жолдың бойын су басқан.