Құжатсыз жүрген шетелдік қабылдау-тарату орнына жеткізілді
Атыраулық полицейлер 9 жылдан бері тіркеусіз жүрген шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырау қаласы полиция басқармасы №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты тексеру барысында жалдамалы үйде тұратын Өзбекстан Республикасының азаматтарын анықтады. Олардың жеке басын анықтау кезінде 1991 жылы туған азаматтың 2013 жылдан бері, ал әйелі 2018 жылдан бері тіркеусіз жүргені белгілі болды.
«Жинақталған іс-құжаттар көші-қон полиция кызметіне тапсырылып, 31 жастағы азаматтың құжаттары жоқ болуына байланысты, Атырау қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды», - деп хабарлады Атырау қаласы Полиция басқармасы.