Қызылқоға ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарайтын Қаракөл ауылында тұрған жігіт сағат 5:00-де үйінен шығып кеткен болатын
Атырау облысында 20 қарашада із-түзсіз жоғалып кеткен жігітті іздеу тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Хабар-ошарсыз кеткен жігітті іздеу үшін 30 қарашада жергілікті уақытпен сағат 9:52-де «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның «Еврокоптер» тікұшағы тартылған еді. Тікұшақ бортында 7 адам болды. Бірақ, әуеден барлау арқылы іздеу еш нәтиже берген жоқ», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Іздеу жұмысы қайта жалғаса ма жоқ па екені әзірге белгісіз.