Компаниялар 1,61 миллион доллар айыппұл төлейді
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың бизнес-империясының екі компаниясы қылмыстық салықтық алаяқтық және іскерлік құжаттаманы бұрмалағаны үшін тағылған барлық айып бойынша кінәлі деп танылды. Манхэттендегі алқабилер соты тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy CNN-ге сілтеме жасап.
"Trump Corp және Trump Payroll Corp компаниялары тағылған барлық айып бойынша кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.
Трамп пен оның отбасына бұл іс бойынша айып тағылған жоқ, бірақ сот процесі кезінде прокурорлар АҚШ-тың экс-президентіне оның белгілі бір басшыларға, соның ішінде компания қаржыландыратын пәтерлерге, автокөлік жалдау ақысына және жеке шығындарға берілген жеңілдіктерге қатысқаны туралы бірнеше рет айтқан.
Трамптың бизнес империясы қаңтар айының ортасында үкім күшіне енгенде ең көп дегенде 1,61 миллион доллар айыппұл төлейді.
“Компаниялар Нью-Йорк заңына сәйкес таратылмайды", - деп хабарлады CNN.