Моңғолияда 5,6 баллдық жер сілкінісі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісінің ошағы 2 км тереңдікте болған

Фото: ТАСС

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Ұлан-Батырдан оңтүстік-батысқа қарай 403 км жерде болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлағандай, онда 844 мыңға жуық адам тұрады.   

Орталық мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 2 км тереңдікте болған. Қираған орындар және құрбан болғандар туралы деректер тіркелмеген.