Полицейлердің айтуынша, ол троллейбустан табылған
Алматыда еріктілердің көмегінің арқасында кеше таңертең жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін, дейді полиция қызметкерлері.
"Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы - балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді", - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.
Айта кетейік, Алматыда полиция сағат 07:40-тан 9 жасар Айша Тимурды іздестіріп жатқанын хабарлаған болатын.