Ақмола облысында алаяқтар екі адамның атына 13 миллион теңге онлайн несие рәсімдеген

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта Ақмола полицейлері күдікті адамдарды анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде

Фото: twitter.com

Ақмола облысында алаяқтар ұялы телефонды қашықтан басқару бағдарламасы арқылы екі адамның атына 13 миллион теңге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облысы Шортанды аудандық полиция бөліміне 44 жастағы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті.

«Ер адам 17 қарашада белгісіз біреулер өздерін банктің қауіпсіздік қызметкерлері деп таныстырып, алаяқтар оның атына несие алуға тырысып жатыр деп сендірген. Содан кейін олар жәбірленушіге банктің мобильді қосымшасы мен AnyDesk қашықтан басқару бағдарламасы арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұсынып, бағдарламаны телефонға жүктеуге сендірген», - деп көрсетті Ақмола облыстық ПД.

Полицейлердің айтуынша бағдарламаның көмегімен қаскөйлер өтініш берушінің мобильді құрылғысындағы операцияларды басқаруға қол жеткізіп, оның атына несие рәсімдеп, оны ақшаны шешіп алған.

Осыған ұқсас өтінішпен 2 желтоқсанда Қорғалжын АПБ-на 58 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Алаяқтар қашықтан қол жеткізу бағдарламасының көмегімен Форте Банк пен Еуразиялық банкте 5 миллион 534 мың теңге сомасында несие рәсімдеген.

Екі факті бойынша 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.