Бұл факті бойынша тергеу амалдары басталды
Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ», - делінген хабарламада.