Ақтау қаласында ыстық су беру тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған МАЭК-тегі қондырғыларға жөндеу жүргізілуі себеп болды

фото: kharkov.politeka.net

Ақтауда екі күннен бері ыстық су мәселесі туындады. Ақтау әкімі Ербол Ізбергенов әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарына неліктен ыстық су беру тоқтатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кешеден бері қалада ыстық суға қатысты үлкен мәселе туындап отыр. Қала басшысының айтуынша мұның басты себебі - МАЭК-тегі қондырғылардың ескіруіне байланысты жасалып жатқан жөндеу жұмыстары.

«Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ыстық суды уақытша тоқтатуға мәжбүрміз! Қаладағы ахуал менің бақылауымда және мәселені жедел шешу мақсатында қазіргі таңда тиісті мамандар жұмылдырылды. Баршаңызды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға және сабыр сақтауға шақырамыз», - деді Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов.