Павлодар облысында астық ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір  бұл факті бойынша тергеу амалдары басталды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 35 тонна астық ұрлаған ауыл тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ертіс ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Ертіс ауданының бір ауылының маңындағы егістік алқаптарынан дәнді-дақылдарды ұрлады деген екі күдіктіні ұстады. Барлығы 35 тонна астық ұрланған, келтірілген зиян шамамен 5 миллион теңгені құрады» - деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.

Ұсталғандар 28 және 42 жастығы Ертіс ауылының тұрғындары, олар өз кінәларын мойындады және ұрланған астық толығымен иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тегтер: